Біз сіздің балаңыздың жетістігін білім мен шығармашылық инфрақұрылымымен байланыстыра отырып, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етуге тырысамыз.karlson-edu.kz
"Карлсон" бөбекжай бақшасының ресми сайтына қош келдіңіз!
"Карлсон" бөбекжай бақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Самал-2 шағын ауданы, көшесі Омарбай Малқаров 16 үй орналасқан.
Балабақшада 3 топ бар
Қарлығаш - Ересек топ
Балауса - Орта топ
Балапан - Кіші топ
Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, жоғары санатты тәрбиешілерден, аспазшылар және медбикелерден құралған. Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген. Балабақшада үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Жыл бойы балаларға жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі. Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Біз ата-аналармен біргелікте балаларды Отан сүйгіштікке тәрбиелейміз.